Мемлекет басшысын Түркия президенті Құрылтай депутаттарының сайлауы табысты өтуімен құттықтады
#qyzylordatv
Мемлекет басшысы Түркия Президентімен телефон арқылы сөйлесті. Режеп Тайип Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевты бір палаталы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы табысты өтуімен құттықтады.
Түркия Президенті аталған тарихи уақиға еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі өркендеуіне септігін тигізеді деп санайды. Бұл ретте ол парламентаралық ынтымақтастықты жандандыруды ұсынды. Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық ұйымдар құрамындағы түркиялық байқаушылар миссиясының белсенділігі үшін Түрік көшбасшысына алғыс айтты. Тараптар алдағы халықаралық іс-шаралар кестесін талқылады.