Негізгі Жаңалықтар Тұрғындарға кеңес берілді

Тұрғындарға кеңес берілді

#qyzylordatv 

Халыққа тегін құқықтық кеңес берудің көмегі көп. «Бір күн – мың кеңес» акциясында қылмыстық, әкімшілік және азаматтық істерге қатысты мамандардан көмек алған азаматтардың пікірі осындай. Жалпы, тұрғындар арасында банк шоттарының бұғатталуы және алимент өндіру ісі өзекті болып тұр, дейді мамандар. Тақырыпты әріптесім Елдос Асан тарқатады. 


 Әлихан Әбдікәрім Әділет департаментінде акция болады дегенді естіп, арнайы келген. Жастайынан бизнеске бет бұрған оның банк карталары бұғатталыпты. Басты себеп - үш жылдан бері салық төлемеген. 


 ӘЛИХАН ӘБДІКӘРІМ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ 

Шыны керек мен налог деген нәрсені осы кезге дейін серезно қабылдамадым деп айтсам болады. Өйткені оны қай кезде төлеу қажет, қанша пайызын төлеу қажет деген ақпараттарды білмеген болатынмын. Соның кесірінен қазіргі таңда өз ип жеке счетімді қолдана алмай отырмын. Налог бойынша қалай шешсе болады, алдағы уақытта қалай жұмыс жаса болады деген сұрақтарға жауап берген білікті мамандарға алғысым шексіз. 


 Мадияр Асқарұлы да төленбеген несиелер, шотқа қойылған арест турасында мамандардың кеңесіне жүгінді. 


 Тұрғындар арасында алимент өндіру ісі өте өзекті болып отыр. Бүгінде өңірде 14 мыңнан аса борышкер бар. Мамандар істердің дені проблемалық екенін айтты. Оларға жеке сот орындаушылар заң аясында мәжбүрлеп орындау шараларын жүргізіп жатыр.


Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес беруде оң нәтиже бар. Сала мамандарының айтуынша, азаматтар акцияға келу арқылы түйінді мәселесінің шешімін тапқан. Жалпы «бір күн – мың кеңес» ашық есік күні аудан, ауылдық елді мекендерде тоқсан сайын ұйымдастырып келеді.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар