Қызылордада мүгедектік тағайындау көрсеткіші төмендеді
#qyzylordatv
Облыста алғаш рет мүгедектік тағайындалғандар саны азайған. Яғни, жыл басынан бері 1248 қызмет алушыға бірінші мәрте мүгедектік тағайындалған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,5%-ға төмендеген. Бұл туралы облыстық халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау департаментінің басшысы брифингте мәлімдеді.
Жыл басынан бері 886 ересек адамға, 382 балаға алғаш рет мүгетектік тағайындалған. Ал, 4954 ерекше қажеттілігі бар жан қайта куәландырудан өткен. Оның ішінде 335 жан ауруынан толық айыққан. Бүгінде облыста 35 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тіркелген. Оның 6,8 мыңнан астамы кәмелет жасқа толмаған. Жалпы, жыл басынан бері 6 мыңнан астам азаматқа мүгедектікті тағайындауға қатысты мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 46,6 пайызы онлайн форматта мүгедектіктігін рәсімдеген. Айта кетейік, ересектер арасында мүгедектікке алып келетін басты себептер қан айналымы жүйесінің аурулары мен қатерлі ісіктер болса, балаларда туа біткен ақаулар мен психикалық бұзылулар басым. Ал құжаттарды сапасыз әрі негізсіз жолдағаны үшін 13 медициналық мекемеге қатысты тиісті шаралар қолданылған.
БЕКБОЛАТ ШӘРІПБЕКОВ - ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Профилактикалық бақылау мен тексерулер жүргізілген 12 субъекті бойынша
23 заңбұзушылық анықталып, оларды жою туралы 10 нұсқама берілді. Анықталған барлығы 23 заңбұзушылықтың 20 заңбұзушылығы жойылған. Қалған 3 заңбұзушылықты жоюға алдағы уақытқа мерзімдер белгіленген. 2026 жылғы 6 айда жоспардан тыс 4 тексеру жүргізіліп, 1 лауазымды тұлғаға, және прокуратураның ұсынымымен 12 лауазымды тұлғаға жалпы сомасы 1 340 750 тенгеге 13 айыппұл салынып, айыппұлдар толығымен бюджетке төленген.