Негізгі Жаңалықтар Жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы басталады

Жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы басталады

#qyzylordatv 

Қала тұрғындары мен қонақтарына жайлы орта қалыптастыру мақсатында тағы бір жоба басталды. Ол Сырдария өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі. Бүгін облыс әкімінің қатысуымен «Астана» мөлтек ауданы мен Президент саябағын жалғайтын жаңа көпірдің капсуласын салу рәсімі өтті. 


ӘКІМЖАН ЖОЛТАЕВ, ТІЛШІ 

Дарияның үстінен өтетін жаяу жүргіншілер көпірі қаладағы көрікті архитектуралық нысандардың біріне айналмақ. Оң жағалау мен Президент саябағын байланыстыратын көпірдің ұзындығы 319 метр болады 


Шаһардың шырайын келтіріп, келбетіне көрік беретін көпір жапырақ тәрізді болады. Жоба аясында ені 3 метр жаяу жүргіншілер жолы, веложолақ және шолу алаңы болады. Мұнан бөлек түрлі түсті жарық шамдар орнатылады. Бір сөзбен айтқанда кешкілік серуенге шыққан тұрғындар заманауи үлгідегі өткел арқылы Президент паркіне өтіп, таза ауамен тыныстайды.  


 МҰРАТ ЕРГЕШБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ 

жаяу жүргіншілер көпірі үлкен бір ауқымды жұмыс деп айтуға болады. Себебі жобаның өзі екі жылдан астам уақыт дайындалды. Қаламыздың архитектуралық келбетінің жақсы бір көрінісі болады деп ойлаймын...


Құны 13 млрд теңге болатын көпірдің құрылысын «Әлем Құрылыс» компаниясы жүргізеді. Ел игілігі үшін салынатын нысан жоспар бойынша келесі жылы пайдалануға беріледі. 


 АРНҰР НҰРМАҒАНБЕТОВ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ 

Жобаға сәйкес темір бетон конструкциялардан тұрғызылады. Сегіз аралық тіреу констуркциясы бар. Ұзындығы 319, ені 12 метрді құрайды...


 Қазіргі күні қалада жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында құны 38 млрд. теңге болатын 23 жоба іске асырылуда. Соның ішінде 71 көшеге күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тағы бір ауқымды жоба, Иса Тоқтыбаев көшесінен Сырдария өзені арқылы сол жағалауға өтетін автомобиль көпірінің құрылысы салынады. 

Бөлісу

Аймақтық телеарналар