Негізгі Жаңалықтар Аймақта алты әкім сайланады

Аймақта алты әкім сайланады

#qyzylordatv 

Облыста елді мекендер мен ауылдық округтердің алты әкімі бір күнде сайланады. Дауыс беру 4 қазан күні төрт ауданда бір мезгілде өтеді. Бұл туралы облыстық аумақтық сайлау комиссиясы хабарлады.


 Сайлау Арал ауданының Сексеуіл кентінде, Қазалы ауданының Аранды және Құмжиек ауылдық округтерінде, Шиелі ауданының Талаптан ауылында өтеді. Бұл күні Жаңақорған ауданының тұрғындары да Шалқия кенті мен Төменарық ауылының әкімдерін сайлайды. Осылайша, бірыңғай дауыс беру күні алты елді мекен мен ауылдық округтің тұрғындары өз әкімдерін жаңадан таңдайды.


 АБАЙ ТАҒЫБЕРГЕН, ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ

Алты аумақ бойынша дауыс беруге құқылы 15 052 сайлаушы бар. Дауыс беру үшін он үш сайлау учаскесі ашылады. Кестеге сәйкес, кандидаттарды ұсынуға қатысты құжаттарды қабылдау 8 қыркүйек күні сағат 18:00-ге дейін жүргізіледі


Бөлісу

Аймақтық телеарналар