Семей ядролық сынақ полигонының құрбандарын еске алды
#qyzylordatv
Биыл Семей ядролық полигонының жабылып, еліміздің атом қаруынан түбегейлі бас тартқанына - 35 жыл. Атаулы күнге орай «Тағзым» алаңында еске алу шарасы өтті.
Шарада ядролық сынақтардың салдарынан қаза болған азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, рухына құран бағышталды. Митингке сынақ алаңында болған ардагерлер, облыстық әкімдік өкілдері мен қоғам белсенділері, қала тұрғындары қатысты.
МЕЙРАМБЕК ШЕРМАҒАНБЕТ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бұл халқымыз, еліміз үшін ұрпақтан ұрпаққа тағылым болып жеткен күн. 1949 жылы ең алғаш Семей полигонында ядролық сынақ өткізілген. Содан бері жабылғанға дейін жүздеген ядролық сынақтар Семей полигнында жүргізілді. Халқымыз Семей невада қозғалоысының өкілдері басында болып Семей полигонының жабылуына үлесін қосты. Тәуелсіздік қарсаңындағы ең маңызды батыл қадам болып есептеледі.
Ядролық қаруға қарсы қазақстандық қозғалыс жарылыстарды тоқтатуға қол жеткізген әлемдегі алғашқы қоғамдық бастама болды. Қызылорда облысының тұрғындары үшін де бұл сынақ үлкен зардабын тигізді.
СӘБИТ ӘБІШ – «НЕВАДА-СЕМЕЙ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Бүгінгі күн бейбітшілікке үн қатқан күн деп есептеліп жатыр. Мен Семей полигонында 71-73 жылдары әскерде болғанбыз. Біздің облыстың бір өзінен 10 мыңға жуық адам қатысқан ғой. Тек айтармыз ешуақытта да атом соғысы болмасын. Амандық болсын.
1991 жылы Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы жарлықтың жариялануы жаһандық ядролық қаруға қарсы қозғалысқа негіз болды. Биыл 29 тамыз күні БҰҰ шешімімен Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні аталып өтті.