Негізгі Жаңалықтар «Жасыл ел» жасағының еңбек маусымы аяқталды

«Жасыл ел» жасағының еңбек маусымы аяқталды

#qyzylordatv #тазақазақстан 

Өңірімізде «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының кезекті жұмыс маусымы қорытындыланды. Сырбойылық жастар жаз бойы «Таза Қазақстан» эко-науқанына атсалысып, қоршаған ортаны көркейтіп, көгалдандыруға өз үлесін қосты.


 Бүгін – айналаны абаттандыру маңдай термен келгенін көрген жас, ертең – төңіректі таза ұстауға көпшілікті үндері анық. «Жасыл ел» жобасы ең алдымен жастардың жадына осы ойды егуді көздейді. Мұнда барлығы бір отбасының баласындай еңбек етуге бейіл. Осындай белсенді жастардан құралған еңбек жасағы 2 ай бойы туған өлкені гүлдендіруге сүбелі үлес қосты.


Жалпы, «Жасыл ел» жобасы 2005 жылдан бастап тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді. Биыл 21-ші маусымда 1200 жас еңбек етті. Олардың ең кенжесі 16-ға толса, ең егдесі 35 жасты еңсерген. Еңбек маусымының қорытынды іс-шарасында жастардың белсенділігі ескеріліп, үздіктер марапатталды.


 Айта кету керек, екі айдың ішінде 50 гектарға жуық аумақ тұрмыстық қалдықтан тазартылып, саябақ, сквер, аллеялар мен қоғамдық демалыс орындары көгалдандырылды. Бағамдасақ, «Жасыл ел» бұл маусымдық жұмыс қана емес, жастарды еңбекке баули отырып, елжандылыққа тәрбиелейтін тағылым мектебі. 


Осылайша, «Жасыл ел» жасағының жұмыс маусымы аяқталды. Дегенмен, олар атқарған көшелі іс көшелердің бойында көз қуантып тұра бермек.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар