Негізгі Жаңалықтар Солтүстік Аралдың көлемі ұлғайды

Солтүстік Аралдың көлемі ұлғайды

#qyzylordatv 

Солтүстік Арал теңізінің көлемі 23,5 текше шақырымға жетті. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2023 жылы бұл көрсеткіш 18,4 текше шақырымды құраған еді. Су деңгейінің көтерілуіне Сырдария өзенінен келетін тұрақты су ағыны себеп болып отыр.


 Солтүстік Арал теңізіне судың келуі Сырдария өзені бойындағы су қоймаларының келісілген жұмыс режимі арқылы қамтамасыз етіледі. Қазақстан көршілес мемлекеттермен трансшекаралық суларға қатысты ынтымақтастық шараларын жолға қойған. Атап айтқанда, Өзбекстанмен трансшекаралық су нысандарын бірлесіп басқару және оларды ұтымды пайдалану туралы келісім бар. Бұл су аз келетін кезеңдерде де Сырдария өзеніндегі су ағынын реттеуге және Солтүстік Арал теңізін сақтап қалуға мүмкіндік береді.


Бөлісу