Ауқымды жобалар қалай атқарылуда?
#qyzylordatv
Жолдың ел өміріне маңыздылығын дана қазақ «жол қуған қазынаға жолығады» деп инфрақұрылым мен логистиканы ортақ түйіндеген. Тамызда Мемлекет басшысы телекөпір арқылы «Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» және «Бейнеу – Сексеуіл» автокөлік жолдарының құрылысын бастап беріп, стратегиялық мәні айрықша жоба басты назарда екенін баса айтқан. Күні кеше Үкімет басшысының бірінші орынбасары өңірдегі жол инфрақұрылымы жобаларының жүзеге асырылу жайын аралап көрді.