Жер сілкінісі кезінде қалай қорғану керек?
#qyzylordatv
Жер сілкінісі кезінде не істеу керек? Қызылорда сейсмикалық қауіпті аймаққа жатпайды. Дегенмен бұл сақтық шараларын естен шығаруға негіз емес. Осы мақсатта облыс орталығында оқу-жаттығу өтті.
Осы жолы мектептегі сабақ қауіп төнгенді білдіретін дабылдан тоқтатылды. Әдеттен тыс дыбыс естілгенде оқушылар партаның астына жылдам жасырына бастады. Бұл жер сілкінісі бола қалған жағдайда жасалуы керек алғашқы қадам. Мұғалім балаларға терезе мен салмағы ауыр заттардан алыс болуды ескертіп, дүмпу аяқталғанда эвакуациялау басталды.
АРУН ТАПАЙ – ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОФИЦЕРІ
Шалғынбаев атындағы №217 мектепте сейсмикалық оқк-жаттығу өткізілді. Жаттығудың мақсаты жер сілкінісі кезіндегі оқушылар мен мұғалімдердің төтенше жағдай кезіндегі дайындығын тексеру, пысықтау. Бүгінгі оқу жаттығуға жалпы 5 техника, 20 қызметкер жұмылдырылды.
Табиғи апат айтып келмейді. Сондықтан мамандар зілзала бола қалған жағдайда қарапайым ережелерді ескеру қажеттігін айтады.
АРУН ТАПАЙ – ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОФИЦЕРІ
Ең бірінші мұғалімдер сабыр сақтап, партаның астына тығылатын жерлерді анықтап, құлап кетуі бар аймақтардан қашып, жер сілкінісі аяқталғасын қауіпсіз жерге эвакуациялау қажет.
Шалғынбаев атындағы №217 ақпараттық мектеп-лицейінде өткен оқу-жаттығу кезінде балалар сыртқа шығарылып, қауіпсіздік талаптары түсіндірілді. Шараның негізгі мақсаты да сол, балаларды ғимараттан жылдам шығуға ғана емес, жер сілкінісі бола қалған жағдайда дұрыс шешім қабылдауға үйрету.