Негізгі Жаңалықтар Қазақстан мобильді интернет құны арзан елдер қатарына қосылды

Қазақстан мобильді интернет құны арзан елдер қатарына қосылды

#qyzylordatv 

 Қазақстан мобильді интернеттің бағасы мен жылдамдығы бойынша әлемдегі үздік елдердің қатарына енді. Бұл туралы халықаралық деректерді кәсіби тұрғыда талдайтын «Finprom.kz» порталы хабарлады. 


 Аталмыш порталдың ақпарына сүйенсек, елімізде 1 гигабайт интернет 30 цент тұрады. Бұл шамамен 246 теңге. Яғни, Қазақстанда интернет құны әлемдік орташа көрсеткіштен төрт еседен көп төмен. Ал интернеті жылдам 55 елдің арасында бағаның арзандығы бойынша Қазақстан жетінші орынға тұрақтаған. Мобильді интернеттің орташа жылдамдығы секундына 93 мегабитке жетіпті. Сәйкесінше бұл орталық Азия мен еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында көш басындағы көрсеткіш. Оның үстіне, қазақстандықтар интернетті әлемдік орташа көрсеткіштен 1,5 есе көп пайдаланады екен. Демек, елімізде мобильді интернет бағасы қолжетімді, жылдамдығы жоғары әрі оған сұраныс та артып келеді.


Бөлісу