Негізгі Жаңалықтар Жәрдемақыдан ерікті түрде бас тартуға болады

Жәрдемақыдан ерікті түрде бас тартуға болады

#qyzylordatv 

Азаматтар әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардан өз еркімен бас тарта алады. Еңбек министрлігі осыған арналған цифрлық сервисті іске қосты. Қызметті eGov Mobile қосымшасы арқылы жүзеге асыруға болады. 


 Жүйе азаматқа алып жүрген барлық әлеуметтік төлемнің тізімін автоматты түрде көрсетеді. Одан кейін бас тартқысы келетін төлемді таңдап, электрондық өтінішті растау жеткілікті. Ешқайда барып, қағаз толтырудың қажеті жоқ. Маңыздысы, бір төлемнен бас тарту азаматтың болашақта мемлекеттік көмек алу құқығынан айырмайды. Егер тұрмыстық жағдайы өзгерсе, ол қайта өтініш бере алады. Ал министрлік азаматтарды алаяқтардан сақ болуға шақырады. Сервис тек eGov Mobile қосымшасы мен eGov.kz порталында жұмыс істейді. Бөгде сілтемелерге өтпеген жөн.

Бөлісу