Негізгі Жаңалықтар «Қызылорда облысының эргонимдері» атты әдістемелік нұсқаулық таныстырылды

«Қызылорда облысының эргонимдері» атты әдістемелік нұсқаулық таныстырылды

#qyzylordatv 

«Қызылорда облысының эргонимдері». Мемлекеттік қызметшілер мен кәсіпкерлерге, сондай-ақ тіл мамандары мен маркетологтарға және білім алушыларға арналған әдістемелік нұсқаулықтың таныстырылымы өтті. Жобаны «Жалынды жастар» қоғамдық бірлестігі мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің филолог-ғалымдары бірлесіп іске асырған. 


 Сыр өңірі – қазақи қаймағы бұзылмаған, тарихи-мәдени мұрасы бай, мемлекеттік тілдің табиғи ортасы терең сақталған стратегиялық аймақ. Алайда қазіргі жаһандану мен нарықтық экономика жағдайында аймақтағы шағын және орта бизнес нысандарының атауларында жүйесіздік, шет тілдік сөздерді орынсыз қолдану, қазақ тілінің грамматикалық және орфографиялық нормаларын бұзу, сондай-ақ Кеңес өкіметінен қалған идеологиялық атаулар мен сөзбе-сөз аудармалар жиі кездеседі. Сондықтан кәсіпкерлердің ономастикалық сауаттылығын түзеп, бренд-неминг саласындағы әдістемелік құралдардың тапшылығын жою мақсатында дайындалған әдістемелік нұсқаулық облыс көлеміндегі барлық нысандарға сауатты әрі тартымды атау беру мәселелерін әлеуметтік лингвистикалық тұрғыдан және заманауи лингвомаркетинг талаптарына сай жүйелейді дейді мамандар.


АМАН АБАСИЛОВ – ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОРЫ 

 Біз осы әдістемелік нұсқаулықта облыс көлеміндегі нысан атауларын, яғни барлық адамдарға танымал деген кәсіпкерлік нысандардың атауларын 9 бөлімге бөлдік. Бірінші Қызылорда облысында қандай атаулар бар, ол атаулар қаншалықты грамматикалық жағынан қазіргі нормаға сәйкес, оның ішінде қателіктер бар, ол деген кетіп жатыр немесе атау қоюдың уәжі қалай болып жатыр. Қандайда бір дүкенге кәсіпкер атауды қалай қойып жатыр. Қазір қаланың кез келген бұрышында кафе, дүкен немесе ойын-сауық орталығы. Көбейгені жақсы, бірақ атаулары ретке келмей қалды. Біз атау қоюдың лингвистикалық мәселесін қарамай, кімнің ауызына не түседі соны қоя салатын болдық. Бұның бәрі көзге көрінетін нәрселер. Осы мәселені жүйелеу мақсатында әдістемелік нұсқаулықты дайындап шығардық


Бөлісу