Негізгі Жаңалықтар Пилоттық жоба

Пилоттық жоба

#qyzylordatv 

Елімізде кәмелеттік жасқа толмағандарға жыныстық қатынас жасағаны үшін 504 адам республикалық есепке алынған. Ал Қызылорда облысында мұндай қылмысқа барған 32 адам тіркеуде. 


 Бұл жәй ғана статистика емес. Тұрақты бақылауды қажет ететін нақты тәуекелдер тобы. Осы ретте өңірлер арасында алғаш рет Қызылорда облысында арнайы пилоттық жоба жүзеге асуда. Яғни қаладағы 12 мектептің жанындағы арнайы бейнебақылау камераларына педофилдердің фотосуреттері адамдарды тану бағдарламасы арқылы енгізіліп, интеграцияланған. Механизм қарапайым әрі тиімді. Қауіпті тұлға камера орнатылған мектептердің аймағына келіп жүрсе, полиция департаментінің 102 арнасына автоматты түрде сигнал түседі


 ЕСТАЙ ЖУКАШЕВ - ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ КОМИТЕТІ ОБЛЫС БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ

Полиция департаментімен бірлесіп пилоттық жоба іске асырылуда. Қала орталығындағы 12 мектептің жанына орналасқан «Опер» камераларына бұрын кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қолсұғылмаушылық бойынша сотталған тұлғалардың фотосуреттері енгізілді. Сол мектептің жанына барған жағдайда 102 арнасына автоматты түрде сигнал түсіп, полиция қызметкерлері барып, шара қабылдайтын болады.


 Бас Прокуратураның бастамасымен «Күшейтілген профилактиканы талап ететін тұлғалар тізілімі» аналитикалық жүйесі іске қосылды. Жүйеге ЕРАП деректері интеграцияланған және әр адам бойынша тәуекел деңгейі анықталады. Бүгінгі таңда осы жүйе бойынша облыс көлемінде дәл осы критикалық аймақта 22 мыңнан астам адам анықталып отыр.

Брифингте облыс аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралар да баяндалды. Жыл басынан бері 150 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталған. Облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Мұратбек Манатов әкімшілік құқық бұзушылық деректерін автоматты түрде тіркейтін көлік қозғалысын бақылауға арналған заманауи кешендер жұмысына тоқталды. Жолкөлік оқиғасы жиі орын алатын 25 қиылысқа Сұңқар кешені орнатылса, оның 20-сы ақылды жаяу жүргіншілер функциясына қосылған.

Бөлісу