Қазақтың мәрт мінезді майталманы – Мырқы Исаев. Бұл  қарымды қаламгерге көптің берген бағасы. Журналистиканың қара нары расында да мәрт мінезімен, өзіндік өрнегімен дараланды. Еңбек жолы қарапайым жұмысшы болып бастап, ел алдында сөз ұстаған майталман маманға дейін жетті. Сөйте жүріп қарапайымдылық қырынан тайқымағанын аңыз қылып айтады көз көргендер. 

 Сәпен Аңсат – Т. Жүргенов атындағы ҚҚ төрағасы

Мейрамбек Исаев – М. Исаевтың баласы

Міне, осылай ұрпағын ұлағатқа ұйыстырып, шығармашылығының шырағын жаққан қағылез қаламгерді жырлауға облыстың әр бөлігінен жас ақындар топқа қосылды. Талапкерлер әуелі туған жер төңірегіндегі өлеңдерін ортаға салса, шешуші кезеңде мәрт мінезді майталман – Мырқы Исаевтың болмысын жырға қосты. «Менің Мырқым, сенің қырқың» Бұл баспасөздің беделдісі Ұзақ Бағаевтың Мырқы Исаев туралы толғамы. Кәсіби шеберлік, пайым-парасатына берілген нақ баға. Сондықтан оның шығармашылығымен ұштасқан адами қасиеттері қаламды қару еткен әрбір жасқа үлгі.

Биболат Сәтжан – ақын

Талаптың мініп тұлпарын, тас қияға өрлеген ақындардың сөз барымтасында шиелілік жас ақын Шыңғыс Құдайберген үшінші орынды иеленді. Жүлделі екінші орын сырдариялық Ақтөре Ибрагимұлына бұйырса, өзгеше өлеңімен дараланған Ұлықбек Бекұзақұлы бірінші орынды еншіледі. Кіл жүйріктер топқа түскен додада Қазалы ауданынан келген Ақжол Түменбай бас жүлдеге лайық деп танылды.

Ақжол Түменбай – мүшайра жеңімпазы

Осылайша болмысы бөлек тұлға мен өрісті өлкені жырға қосқан жас ақындар ел алғысына бөленіп, көрерменнің ыстық ықыласына ие болды.

Елжас Әбділда