Елжас Әбділда –тілші:

Әр ұлттың ұлы тұлғалары бо­ла­ды. Олар қаншама ғасырлар өтсе де сол ұлттың мөрі секілді санаға соғылып, адамзаттың ортақ құн­ды­лығына айналады. Мәселен ағылшындар үшін – Шекспир, француздар үшін – Бальзак, орыстар үшін – Пушкин ал қазақтар үшін әрине – Абай Құнанбайұлының орны ерекше. Сол Абайдың ұлы­лы­ғы мен данагөйлігін дүйім жұртқа паш еткен Мұх­тар Әуезов те өткен ғасыр­дағы қазақ әдебиетінің алыбы.

ТІЛШІ: Қара сөздің хас шебері ұлт әдебиетінің алтын ғасырының бастауында тұр. Ол қазақ өр­ке­ние­ті­нің жаңа болмысын ашқан жа­зушы, ғалым, ұстаз, драматург, сын­шы. Бір сөзбен айт­қанда, ұшан-теңіз білім дариясының кемеңгері әрі ұлы қайраткер. Оның «Абай жолы» романы − әлем мойындаған туынды. Өмірдің тұтас қыртыстарын қопарып, тұр­мыстың, адамдар арасындағы құш­тарлықтың, махаббат пен өш­пен­діліктің айқын бояулы суреттерін жасаған. Және ең бастысы, есте қа­ларлық жарқын образдар ар­қы­лы халық тарихының өмірлік процестерін жинақтаған, құлашы кең кітап. Абай дегенде – Әуезов, Әуезов дегенде Абай көз алдыңа келіп тұра қалатыны сондықтан.

Алдажар Әбілов – филология ғылымдарының кандидаты

Тілші: Осынау айтулы күні маманданған сыныптары бар дарынды балаларға арналған мұрагер мектебінде «Абай даналығының мәйегі – Мәңгілік ел» атты дөңгелек үстел өтті. Ауқымды шарада ұлт көсемсөзінің зергері Мұхтар Әуезов пен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы жайлы баяндамалар жасалып, құнды деректер айтылды. Сондай-ақ қазақ зиялыларын өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында құрылған «Таным» қоғамдық бірлестігінің төралқа мүшелері сайланды. Баба аманатын ұлықтаған шарада өнерлі өрендер де өрелі өнерлерін ортаға салды.

Ал 10 сынып оқушысы Данабек Жақсылықұлы өрімдейінен Мұхтар Әуезов арқылы Абайды танып, ұлағатын бойға жиғанын айтады. Сондықтан жыл сайынғы осы бір танымдық шарадан қалыс қалған емес. Жас өрен биыл да ұлы ақынға арнап өлең шығарып келіпті.

Съезбек Ахметов – Т. Рысқұлов атындағы №222 орта мектеп директоры

Данабек Жақсылықұлы – Қ. Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназияның директоры

Тілші: Халық жа­ды­на енген адамды уақыт та, заман да, қоғам да тарихтан сызып тастай алмайды. Өз ұлтының ұлы мұрасын ұлықтаған Мұқаң да мәңгілік ел жадында сақталмақ.