#qyzylordatv
Ұлы Жеңістің маңыздылығын насихаттап, ұрпаққа ұғындыру мақсатында қаладағы мектеп оқушылары арасында «Менің атам - майдангер» атты көркемсөз оқудан байқау өтті.
Байқаудың таныстыру кезеңінен соң қатысушылар сұм соғыс пен Ұлы жеңіс туралы өлеңдер оқып, сайысты. Қазылар алқасы қатысушылардың дауыс мәнері мен тіл тазалығына мән беріп, көркем мәтінді жатқа оқу шеберлігін бағалады. Нәтижесінде 1-ші орынды 10 сынып оқушысы Інжу Бекболатқызы жеңіп алды. Ал 8 сынып оқушысы Айзере Арыстан екінші, 11 сынып оқушысы Гүлім Әбілқайырова үшінші орынды иеленді.
СЕРІК ДҮЙСЕНБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ Облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен, қаладағы М.Сужиков атындағы мектепте, мектеп оқушыларымен үлкен бір шара өтуде. 01.06 Біріншіден қалалық білім бөліміне, осы мектеп ұжымына ризашылығымызды білдіреміз, жақсы ұйымдастырып жатыр, бұл келешек ұрпаққа үлкен бір сабақ, соғыс деген аттың өзі айтып тұр, өте бір қиын жағдай, елімізде тек тыныштық заман болсын, келе жатқан мереке құтты болсын.
ӘБІЛМАНСҰР ХАЛИЛУЛЛАЕВ – ОҚУШЫ
Сайыс өте жақсы өтті, мен бірінші кезеңде өзімді және атамды таныстырдым, екінші кезеңде соғысқа қатысқан аталарымызды ұлықтау, мақсатында өзім шығарған өлеңді оқып бердім.Осындай шаралар көп өткізіліп тұрғаны біздерге оқушыларға жақсы.