#qyzylordatv
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде «Студенттік ғылым - 2025» ХХVІІ ғылыми конференцияның пленарлық мәжілісі өтті. Жиында студенттер өздерінің инновациялық жобаларын көпшілік назарына ұсынып, тың бастамаларымен бөлісті.
Университет ғалымдары бұған дейін күріштің қауызы мен сабағын кәдеге жаратып, белсендірілген көмір, кеңсе және әжетхана қағазын шығарып, өндіріске енгізген болатын. Енді міне, күріш майынан моноглицирид алып жатыр.
БЕКЖАН ӘЛІМХАН, ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МАГИСТРАНТЫ \Ол ары қарай фармацевтикада, өндірісте қолданатын нәрсе. Күріштің қауызынан тағы кремний диоксидін деген зат бар, соны да аламыз. Соның арқасында ары қарай табиғи металдарды шығаруға болады. Күріштің қауызы өртенбейді, тұтанған кезде өкпеге өте зиян заттар шығады. Сол үшін біз пайдалы нәрсе жасаймыз \
Бүгінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде отыздан астам үйірме жұмыс істейді. Студенттер бірінші курстан бастап ғылым мен тәжірибені ұштастырып, жаңа жобалар жасауға машықтанады. Инновациялық жобаларға басшылық тарапынан жыл сайын қолдау көрсетіліп келеді.
МАЙНҰР БӨРІБАЕВА, ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ \40 жасқа дейінгі жас ғалымдарға арналған грант беріледі. Бұл өзінің жобасын жетілдіруге немесе кітап шығаруға. Жыл сайын саны артып келеді жас ғалымдардың....әрқайсысы 1,5 млннан.....\
Жиында университеттің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнұр Бөрібаева жас ғалымдарға бөлінетін грант көлемі биыл 30 млн теңгеге дейін көбейетінін жеткізді. Бұл әрине, ғылыммен айналысам деген жастарға үлкен мүмкіндік.