Бүгін түнде Қазақстан құрамасы Еуро-2024 аясындағы ең шешуші ойынды өткізеді. Словенияның Любляна қаласында болатын матчқа футбол жанкүйерлері көз тігіп отыр. Студиямен тікелей байланысқа сонау Словениядан спорт комментаторы Айбек Қабылша шығып, ойын алдындағы көңіл-күймен бөлісті.