#qyzylordatv #заңментәртіп
«Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде қылмыстық қудалау органдары есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстардың жолын кесу бойынша жұмысты күшейтті. Себебі қылмыс азаймай тұр. Облыс прокуроры Ризабек Ожаровтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің кезекті жиынында қоғам үшін өзекті болып тұрған екі мәселе қаралды. Тілші бейнематериалында толығырақ.
Қазір не көп, синтетикалық есірткі түрі көп. Таралуы да тез. Тіпті әл бермей барады. Өйткені улылығы жоғары, адам тез тәуелді болады, жүйкесі тозады. Есірткінің тұзағына түсіп, шырмауынан шыға алмай жүргендер туралы ақпараттан адам шошиды. Соңғы жеті айдағы дерекке сүйенсек, өңірімізде 830 науқас дипсансерлік есепте тұр. Оның дені жұмыссыз, бірақ еңбекке қабілетті жастағылар. Тіркелмегені қаншама... Ал, мәжбүрлеп болса да нашақорлықтан емделіп, сабақ алғаны саусақпен санарлық.
ОЛЖАС ИСКАКОВ –ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ /. Нашақорлық диагнозымен есептегі 92 пайызы негізінен жұмыссыздар, бірақ еңбекке қабілетті жастағылар. Жас ерекшелігі бойынша бірінші орында 40-49 жастағылар,екінші орында 30-39 жас аралығында,үшінші орында 50-59 жас аралығындағы 207 науқасымыз бар. Нашақорлық диагнозымен алғаш рет есепке алынғандар өткен жылмен салыстырғанда төмендеп, 5,5 пайызды құрап отыр. нашақорлықты ерте анықтау мақсатында жыл басыцнан 281 наркотест қолданылды. Оның 135 інен есірткі қолдану фактісі анықталып отыр.
Осылайша «қара бизнестің» көрігін қыздырушылар адам тағдырын ойыншыққа айналдырып, қу құлқыны үшін бала еңбегін де қолдануға көшкен. Бір сөзбен айтқанда, ұлттың генетикалық қорын аман сақтап қалу – күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе.
ДАНИЯР ЖАНАЛИНОВ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ/ Өкінішке орай, біздің өңірімізде анықталып жатқан қылмыстарымыз да өсіп жатыр. Оған қатысты адамдар саны да өсіп жатыр. Екіншіден, ең үлкен проблема кеңінен жастар арасында тарап жатыр. Біз өз тарапымыздан бүкіл қоғам болып күресуімізге міндеттіміз/ Бұл жұмыс тек қана құқық қорғау органдарымен, тек қана әкісмшілік ресурстармен аяқталмайды,ең бірінші бұл жерде қоғам қатысу керек.
Тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз жолында тәртіп сақшыларының еңбегі зор. Алайда аймағымызда учаскелік инспекторлар қат. Жиында талқыланған екінші мәселе бұл.
РИЗАБЕК ОЖАРОВ –ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ Учаскелік полиция инспекторлары қазір жеткіліксіз. Қазіргі таңда 255 инспектор ол қазіргі нормаға сәйкес емес. Есірткіге қатысты қылмыстарға аса қатты маңыз беріліп жатыр. Мемлекет басшысы, өз тарапынан үйлестіру кееңсінде осы сұрақтарды қарап шықтық. Ең маңызды қазіргі таңда профилактикалық жұмыстар. Осы бағытта облыста 184 қылмыстық іс тіркелді. Ол енді былтырғы жылмен салыстырсақ, 16 пайызға өсім алды. Біз белсенді жұмысқа қатысып жатырмыз, сондықтан қазір қоғамды шақырамыз бұл жұмысқа,бірлесіп жұмыс істейік, оның ішінде волонтерлар бар, жастар бар.
Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасынан соң құзырлы органдар бұл бағыттағы іс-шараларды күшейтуге мүдделі. Ал аймағымызда бірлескен іс-шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері заңсыз айналымнан 959 келі есірткі тәркіленген.