#qyzylordatv
Еліміздегі 9 жылу электр орталығы қауіптілігі жоғары «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті. Ал 3 станция «сарыдан» «жасылға» ауысқан. Мұны Президенттің былтырғы Жолдауындағы тапсырмалардың орындалу барысы туралы есеп берген Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады. Министрдің айтуынша, «қызыл» аймақта әлі 10 жылу электр орталығы қалып отыр. «Сары» аймақта – 17, «жасыл» аймақта 10 нысан бар. Ал станциялардың орташа тозу деңгейі 64 пайыздан 61 пайызға дейін төмендеген. Биыл 10 энергоблок, 63 қазандық пен 39 турбина күрделі жөндеуден өтпек.