#qyzylordatv #тазақазақстан

 Жалағаш ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Әсіресе, елді мекендерде көркейту-көгалдандыру, абаттандыруға айрықша басымдық беріліп отыр. Мәселен, Таң ауылында жалпы құны 3,7 млн теңгеге көркейту-көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, кіре беріс көшелерге бейнебақылау камералары орнатылды.

 Елді мекенге кіре беріс жолдың екі жағына 5 мың түп ағаш көшеті отырғызылып, ауылды жасыл желекке бөлеу жұмыстары қолға алынды. Жеңістің 80 жылдығына орай боздақтарға арналған «Ер есімі – ел есінде» монументі ашылса, кәсіпкердің демеушілігімен балаларға арналған ойын және спорт алаңы салынып, пайдалануға берілді. Ауыл жастары апта сайын сенбілікке шығып, ел игілігі үшін берілген нысандардың маңында тазалық жұмыстарын жүргізеді.

 АРАЙЛЫМ ЫСҚАҚ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ \Имамзада ағамыз салып берген ойын алаңын тазартудамыз. Балалар таза жерде ойнасын деп күнделікті тазалық жұмыстары жүргізіледі. «Таза Қазазақстан» жобасына бәріміз атсалысып жатырмыз. Қоршаған ортамызты таза ұстайық\

 Еңбек ауылында да санитарлық тазалық шаралары апта сайын ұйымдастырылады. Елді мекенде демеушілердің есебінен ауылға кіре беріс жерге арка, рәміздер және ойын алаңы, жаяу жүргіншілер жолы мен автотұрақ салынды. Тұрғындар халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, жайлы орта қалыптастыру мақсатында қолға алынған жұмыстарға дән риза.

 Атап өту керек, ауданда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы аясында 23800 түп ағаш отырғызылды. Ал, жыл басынан бері жүргізілген тазалық жұмыстарының нәтижесінде үш мың тоннаға жуық қатты қалдық жиналып, полигонға жеткізілді.