#qyzylordatv
Қала әкімдігі мен «KazStroyCapital LTD Kyzylorda» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына қол қойылды. Мердігер мекеме алдағы бес жылдың ішінде Қызылорданы жасыл желекке бөлеп, абаттандыру жұмыстарын қолға алмақ.
Аталған серіктестік қаланы көркейту-көгалдандыру жұмыстарына огсыдан бір ай бұрын кірісіпті. Мамандар алдымен қаланың әр аумағынан 230-дан астам топырақ сынамасын алып, талдау жүргізгені. Су сапасын тексеріп, өңір табиғатына қолайлы, климатқа төзімді ағаштар мен гүл отырғызуды бастап кетті.
ДАСТАН МҰХАМЕДИЕВ, «KAZSTROYCAPITAL LTD KYZYLORDA» ЖШС ДИРЕКТОРЫ \Жоба аясында қалада жыл сайын 15 мың дана ағаш, 500 мың гүл, 10 гектардан астам аумаққа көгал төсеу жоспарланған. Жасыл желекті сақтап қалу үшін жыл сайын 40 шақырымнан астам автоматты суару жүйесі салынады. Барлық гүлдер мен ағаштарға кепілдік беріледі. Қурап қалған жағдайда компания есебінен қайта отырғызылады\
Шаһарда бір айдың ішінде 5 гектар жерге көгал төселіп, орталық көшелерге біржылдық және көпжылдық гүлдер мен ағаштар отырғызылды. Жасыл желекті егумен қатар күтіп ұстау жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінуде.
НҰРМАХАН ЖҰМАҒҰЛОВ, «KAZSTROYCAPITAL LTD KYZYLORDA» ЖШС БАС АГРОНОМЫ \ Удобрение беріп жатырмыз. Ол ағаштарға өте тиімді. Бір жағынан тұзды басады, екінші жағынан ағашты көгертеді, күш береді.... \
Арнайы бригада ағаш егумен қатар қурап қалған және адамдардың жүріп тұруына кедергі келтіріп тұрған талдарды кесу жұмыстарымен де айналысады. Әсіресе, көпқабатты тұрғын үй иелерінен өтініштер көп түседі екен.
БАҒДАТ АРЫСТАНҰЛЫ, ЖҰМЫСШЫ \бізге заявкалар түседі күніге. Сымдарға кедергі болып тұрған талдары алып тастаймыз. Балдардың үстіне құлап кетуі мүмкін сондай жағдайлардың алдын аламыз. Шіріген талдар көбінесе.... \
Қызылорданы жасыл желекке айналдырып, қала тұрғындары үшін жайлы әрі экологиялық таза орта қалыптастыру басты міндет. Міне, қала әкімдігі тарапынан алдағы уақытта осы мақсатта бірқатар жобалар жүзеге асырылатын болады.