#qyzylordatv
Өңірде жыл басынан бері 866,1 мың бас үй жануарына диагностикалық тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 42 бас мүйізді ірі қара мен 28 бас уақ малдан бруцеллез ауруы анықталып, ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес сойылды.
Жалпы өңірде эпизоотиялық ахуал тұрақты. Сала басшысының сөзінше аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы егу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Қажетті препараттардың 73 пайызға жуығы жеткізіліп, аудандарға таратылған. Жануарларды бірдейлендіру жұмыстары да тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Мәселен, жыл басынан жоспарға сәйкес 330 мың бас мал бірдейлендіріліп, ақпараттық жүйеге енгізілді. Ал, бруцеллез ауруы анықталған мал егелеріне заңдылыққа сәйкес төлем жасалады.