Айтыскер ақын, үш дүркін алтын домбыра иегері Мұхтар Ниязов Бұқар жыраудың 355 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық айтыстан бас жүлдемен оралды.
Қарағанды облысында өткен «Бұқарекең жырлайды» атты айтыста 10 ақын бақ сынаған. Суырып салма сөз сайысында ақындар бабаның өмір жолы мен артында қалған мол мұрасын дәріптеді. Шаппа-шап айтыс төрге озған сөз барымтасында Мұхтар Ниязов алматылық Сырым Әуезханмен бірге бас бәйгені сарапқа салып, 1 млн теңгені қанжығасына байлады. Сыр абыройын асқақтатқан ақынды жерлестері ыстық ықыласпен әуежайдан күтіп алды.

БАҚЫТБЕК АЛПЫСБАЕВ – ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ

"Қай жерге барып айтысса да Қырғызстан болсын, басқа болсын еш уақытта Сыр өнерінің айтысын төмендеткен емес, әрдайым осындай жеңіспен жеңіс жалғаса берсін. Айтыс өнері дами берсін."

МҰХТАР НИЯЗОВ – АЙТЫСКЕР АҚЫН

"Абылайды айтқанда Бұқарды айтамыз, Бұқарды айтқан кезде бүкіл қазақтың тұтастай дәуірі, тарихы көз алдымызға елестейді. Негізі атамыздың «Б» деген әріпіне де татымаймыз ғой негізі. Бірақ, шамамыз келгенше сәті түсіп, Сыр елінің атынан барып намысын қорғап қайтқан жайым бар. Алдағы уақытта да Сыр елінің жыр елі екендігінің дәлелі болып тұра берсек деген тілегіміз бар."