Негізгі Жаңалықтар Ана мен бала денсаулығы - басты назарда

Ана мен бала денсаулығы - басты назарда

#qyzylordatv 

«Ана Үйі» қоғамдық қоры мен бірқатар мемлекеттік органдар арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Мақсат – өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдер мен балаларға көрсетілетін көмекті бір жүйеге келтіру және оларға мерзімінде медициналық, әлеуметтік, психологиялық, құқықтық қолдау көрсету.


«Ана Үйі» қоғамдық қоры еліміздің 17 өңірінде жұмыс істейді. Түрлі қиыншылыққа тап болған ана мен бала дағдарыс орталықтарында уақытша паналап, тамақпен қамтылады және мамандардың көмегіне жүгіне алады. Бүгінгі күнге дейін еліміз бойынша жеті мыңнан астам әйел қордың қолдауына ие болған. Ана мен баланың жағдайы жасап, қамқорлық таныту белгілі бір ұйымның жұмысы ғана емес, бұл – ортақ міндет. Сондықтан «Ана Үйі» қоғамдық қоры жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеуді көздейді. Меморандум аясында денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, полиция қызметі және қоғамдық ұйымдардың мүмкіндіктері өзара сабақтастырылып, жүктілік кезеңіндегі және өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдерге, жас аналар мен олардың балаларына кешенді қолдау көрсету тетіктері қарастырылды.

Бөлісу