Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин аймағымызға жұмыс сапарымен келді. Алдымен Шиелі ауданында болып, жақында ғана пайдалануға берілген 250 орындық мектеп пен тұрғын үйдің жұмысымен танысты.

Облыста Президент тапсырмасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында алдағы екі жылда құны 98 млрд теңге болатын 21 мектеп салынады. Оның біреуі Шиелі ауданында бой көтереді. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев вице-министр Тимур Қарағойшинге Байсын ауылындағы білім ошағын таныстырып, алдағы жұмыстар туралы баяндады.

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ-ОБЛЫС ӘКІМІ

//Біз биыл 4 мектептің жанынан 600 орындық, 550 орындық қосымша ғимарат салдық. 3 смен автоматом шешілді, 735 млнға салдық. Ал сол жерге 600 орындық жаңа мектеп салсақ 3 млдр теңге болады.//

Облыста сондай-ақ «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы аясында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 1000 пәтер сатып алу жоспарланған болатын. Оның 400-і аудандарға тиесілі. Шиелілік 50 отбасы жуырда осы жоба бойынша баспаналы болып, жаңа пәтердің кілтін алды. Вице-министр мен облыс әкімі пайдалануға берілген осы тұрғын үйлерді көріп, пәтер иелерімен кездесті.