#qyzylordatv
«Garden Party». Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ІІ түлектер форумы өтті. Дәстүрге айналған жиын оқу ордасы мен түлектердің және жұмыс берушілер арасындағы байланысты күшейтуді көздейді.
Тоқсан жылға таяу тарихы бар оқу ордасы өңірге қажет кадр даярлайтын негізгі ұстахана. Жыл сайын университетті мыңдаған түлек тәмамдап, үлкен өмірге қанат қағады. Олардың басын қосып, оқу орнының стратегиялық даму жоспарын талқылау дәстүрге айналған.
МАРЖАН БАЗАРХАНОВА - «KORKYT ATA ENDOWMENT» КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ // жалпы біз түлектермен әрдайым байланыстамыз. / әрдайым университетті қолдап отырады. «KORKYT ATA ENDOWMENT» қорына қаражат құйып отырады.
Университеттен тәлім алған азаматтар дәл қазір еліміздің әр қиырында қызмет атқаруда. Олардың кейбірі жұмыс беруші ретінде оқу ордасымен әріптестік байланыс орнатқан. Соның аясында студенттер өндіріс алаңдарында, мекемелерде іс-тәжірибен өтіп, еңбек нарығына қосылып жатыр.
Іргелі істерге ұйытқы болған азаматтар «Үздік түлек» төс белгісімен және Қорқыт Ата атындағы «Алтын медальмен» марапатталды. Университет ректоры түлектерге алғыс білдіріп, оқу ордасын одан әрі дамыту мақсатында бірлесіп кешенді жұмыстар жүргізуге шақырды.