#qyzylordatv
«Домбыра — дастан» . Ұлттық домбыра күніне орай облыс орталығында мерекелік кеш болды. Қайта жаңғыртудан өткен қалалық паркте ұйымдастырылған іс-шарада өңір өнерпаздары ұлттық өнердің озық үлгілерін паш етті.
Домбыра-халқымыздың асыл қазынасы. Қос ішекті қара домбыраның үнінде ұлы даланың тарихы мен сан ғасырлық шежіресі сайрап жатыр. Мерекелік кеште облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов сөз сөйлеп, бірқатар өнер өкілдерін облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттады.
ШАХМАРДАН БАЙМАНОВ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
2023 жылдан бері аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаветың бастамасымен, қолдауымен аудандар да өнер ұжымдарына 100 домбыра аспабы және қобыз аспабы тарту етілді. Бұл игі бастама жыл сайын дәстүрге, айналуда.Қазіргі таңда «Адал адам» мәдени тәрбие орталығы жобасы аясында облысымызда 172 мәдениет үйлері мен клубтарына 111 домбыра үйірмесі жұмыс жасап мыңнан астам балалар қатысуда. Домбыра бұл жәй аспап емес, ұлттық кодымыздың айнымас бір бөлшегі. Қылыштан өткір, құрыштан мықты ұлттың үні.
ФЕРУЗА ОҢТАЛАП – ЖЫРАУЛАР ҮЙІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Домбыра ол ұлтымыздың темірқазығы десек болады, осынау керемет мереке қарсаңында облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталып жатырмыз, бұл мен үшін үлкен абырой,зор қуаныш, бұл тек менің еңбегіме берілген баға емес, жалпы,бүкіл дәстүрлі өнердің айналасында жүрген мәдени майдангерлерге деген құрмет деп білемін, 01.02 Сыр елі,жыр елі деп айтамызғой, домбыра аспабы,ұлттық өнер Сырдың бойымен үндесіп жатыр десек болады, Сырға дейін Сырдария болып, Сырдан кейін Жырдария болып ағады деп айтып жатады.
Өнер кешінде Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі тыңдарманды ерекше әсерге бөледі. Құрманғазының «Адайынан» бастап, отандық және шетелдік композиторлардың үздік шығармаларын, Фильмдерге саундтрек ретінде жазылған композицияларды орындады.
САМАТ АБЛАЕВ – ТҰРМАҒАМБЕТ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ
Домбыра күніне байланысты ұлттық күйлерімізді, Сыр бойының күйлерін көбіне орындап жатыр, шетелдің танымал музыкалары да бар, халықтың сұрауы бойынша әлемдік фильмдердің саунтрегін халыққа ұсынып жатырмыз, алдағы жоспарымызда да, алдағы еңбек демалысынан кейін, Тұрмағамбет оркестрі осындай саунтректер халыққа ұсынбақшы, оркестрдің құрамында алпысқа тарта әртістер бар,репертуарында үш жүзге тарта ән мен күйлер бар.
Домбыраның күмбірі мен әуезді әуені қала тұрғындарын терең тебіреніске бөлеп, шара әсерлі күй, әсем әнмен жалғасты.
/// Домбыра күніне тамаша керемет концерт болып жатыр
//// Ұлттық мерекеге қарсаңына келіп,бізде тамашалап жатырмыз, концерт жақсы өтіп жатыр,халық көп, көңілді
//// Жақсы мына концерт, айтып жатырғой жаңа «Жалғыз қойшы» дегенді, өзім жақсы көретін едім, әдемі орындап жатыр.
////Енді біз Құрманғазының күйлері ғой бізге ұнайтыны, бұлардыңда тартқан күйлері ұнап жатыр.
Ұлттық домбыра күніне арналған бұл кеш тыңдарманға рухани серпіліс сыйлады.