#qyzylordatv

Заман талабына сай сапалы білім беруді көздеген Ашық университеті мен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжін биыл 700 жас бітірді. Облыс орталығында өткен салтанатты кеште түлектерге диплом табысталып, үздік студенттер құрметке бөленді.

 Әсел Абуханова «мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» мамандығын меңгеріп шықты. Қолына диплом алған жастың ендігі мақсаты – тұрақты жұмысқа орналасу.

Ашық университеті заманауи сандық-инновациялық технологиялармен жабдықталған. Қазіргі таңда 3 мың студент педагогика, ауылшараушылығы, технология, құқықтану, экономика, инженерия, өнер бағыттары бойынша білім алып жатыр. Сондай-ақ, университет Ресей, Оңтүстік Корея, Түркияның жетекші жоғары оқу орындарымен тығыз шығармашылық байланыс орнатқан. Ал, көпсалалы колледж жұмысшы мамандарды даярлау ісінде алдыңғы қатарда келеді. Салтанатты кеште университет ректоры түлектерге ізгі тілегін жеткізді.

 Аталмыш оқу орнының басты ерекшелігі түлектерді тұрақты жұмысқа орналастыруды жолға қойған. Соның нәтижесінде биыл Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің бітіруші жастарына Қызылорда электр тарату тораптары компаниясынан штаттық орын ұсынылып, жұмысқа орналасуға жолдама берілді.

 ӘЛІШЕР ҚАЖДАР – «ҚЫЗЫЛОРДА ЭЛЕКТР ТАРАТУ ТОРАПТАРЫ КОМПАНИЯСЫ» АҚ ӨНДІРІСТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ

 Осылайша, диплом алған 700 жас үлкен өмірге қадам басты. Енді олардың әрқайсысы өз саласында жемісті жұмыс атқарады деген сенім мол.