#qyzylordatv

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Сыр өңіріне жұмыс сапары барысында аймақ тұрғындарымен және коммерциялық емес ұйым өкілдерімен кездесті. Жиында көптің көкейінде жүрген кейбір маңызды мәселелер талқыға түсті.

 Иә, аймақтың әлеуметтік ахуалы тұрақты. Дегенмен күн тәртібінде кезек күттірмейтін кейбір мәселелер бұқараны алаңдатады. Әрісі Арал, берісі Байқоңыр аралығында талқыланатын тақырып көп. Министрмен кездесу барысында тұрғындар толғағы жеткен тақырыптарды қозғады. Соның бірі:

Бұл мәселе осыған дейін де бірнеше рет көтеріліп, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған. Алайда әлі күнге дейін түйінді мәселенің шешімі табылған жоқ. Құзырлы органдардың жауабы мынадай: Интершум: Сұрағыңыз өте орынды. Бұл тек қана Қызылорда қаласында ғана емес бүкіл Қазақстан бойынша жергілікті проблема болып саналады. Жерді беру мәселесі жергілікті әкімдіктің құзыретінде. Олар жер берген кезде санитарлық-экологиялық мәселелерді сақтау керек. Бұл жерде солардың жауапкершілігі. Өкіметтің несіне шығарып отырмыз, сол жақтан шешім күтіп отырмыз.

Тізе берсең, түйін көп. Оны тұрғындар министрге жіпке тізгендей етіп айтып берді. Аралдың ұлтанына егіліп жатқан сексеуіл мәселесі, су жеткіліксіздігі мен оны үнемдеу мен аймақты көгалданырудың айналасында ауқымды әңгіме өрбіді. Ауа сапасы да сөз болды. Осы орайда Қызылорда, Ақай, Төретам, Шиелі, Арал және Әйтеке биде ауа сапасының мониторингі жүргізіледі.

ЕРЛАН НЫСАНБАЕВ – ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ (Қызылорда облысының халықпен кездесіп, біраз сұрақтарына жауап бердік. Біздің мемлекетте 4,5 млн тоннадан астам қатты қалдық жағылады. Соның бар жоғы 25,8 пайызы ғана өңделеді. Соған байланысты 24 жылдың қаңтарында өткен кеңейтілген үкіметтің отырысында Президентіміздің берген тапсырмасы осы мынау қоқысты өңдеу, зауыттарды салу болған. Сол себептен сол кезден бастап үлкен бағдарламаны іске қостық. Ол қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу, сұрыптау зауыттарын салу. )

Қызылорда облысының экологиясы мен тұрақты даму мәселелері алдағы уақытта министрдің жеке бақылауында болмақ.