#qyzylordatv
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібіне жеті мәселе қойылып, соның ішінде бюджеттің орындалу барысы мен білім саласына қатысты өзекті мәселелер қызу талқыланды.
Облыс тайқазанындағы қаражаттың дұрыс әрі тиімді жұмсалуы – күн тәртібіндегі мәселелердің бірі. Алайда тексеріс барысында бұл салада бірқатар кемшіліктер анықталған. Мәселен, дебиторлық берешек көлемі артқан.
МҰСА ҚАЛДАРБЕКОВ - ОБЛЫС БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша қалыптасқан дебиторлық берешекті талдағанда берешек негізінен 96,1 пайыз «Құрылыс басқармасының» есебінен құралса, 1,6 пайызы «Жолаушылар көлігі және автомобиль басқармасынан», 1,1 пайызы «Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасынан», 0,9 «Білім» басқармасынан. Айта кету керек ҚР Қаржы министрлігінің №540 бұйрығымен бекітілген бюджеттік атқарылу және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы ережесінің талаптары 8 бюджеттік бағдарлама әкімшілері сақталмай коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін аванстық төлемге рұқсат етілмесе де алдын ала төлем жасалып 55 млн 800мың теңгесі артық төленіп кеткен. Дебиторлық қарыз содан орын алып тұр.
Облыстық тексеру комиссиясы төрағасының айтуынша, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдердің кешіктірілуі де орын алған. Ал, облыстағы жазғы тынығу лагерлерінің жай-күйі өз алдына бөлек мәселе. Бүгінде аймақта 7 мемлекеттік, 1 жеке меншік лагерь жұмыс істеп тұр. Алайда күрделі жөндеуден өткен демалыс орны жоқ. Шиелі ауданындағы «Сыр Ұланы» лагері балабақша ғимаратының бір бөлігінде жұмыс істеуде.
ГҮЛШАТ МҰСАЕВА - ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
Жалпы жер көлемі 0,75 гектар 100 орынға арналған. 7 ауысымда 700 бала тынығады. Бір бөлмеде бұл жерде 16 бала жатады. Әжетхана, жуынатын бөлме жағдайы сын көтермейді. Қол жуатын бөлмеде қол кептіру құралы жоғары орналасқан. Оған балалардың қолы жетпейді. Білмейм енді қандай ойда болған дер кезінде ескертпе айтылды.
Тілші: Жалпы облыс бойынша 175 мыңнан аса оқушы бар болса, тек 4,1 пайызы ғана мемлекеттік тапсырыс негізінде жазғы лагерлерге жолдама алған. Тамақтану құны да әр лагерьде әртүрлі: бір күндік ас мәзірі «Сыр Ұланында» – 1308 теңге, «Таусамалында» – 1800 теңге, ал «Талдысуда» – 3100 теңге.
ГҮЛШАТ МҰСАЕВА - ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
«Сыр Ұланы» лагері 1990 жылдан бері жұмыс істейді. Типтік емес ғимаратта орналасқан. Біздің ұсынысымыз қазіргі таңда замануи талаптарға сай 120 орындық тынығу, сауықтыру орталығы қажет. Құрылыс жұмыстарына байланысты Жөлек ауылынан жер көлемі 6 гектар жер телімі алынған. Жалпы құны 3,2млрд теңгеге жаңа балалар тынығу орны құрылысын жүргізу үшін демеушілік есебінен жоба сметалық құжаттамасы жаслуда екіншіден 9 ай бос тұратын ғимаратта үйірмелер ұйымдастыру .
Жиын соңында депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, күн тәртібіне ұсынылған 7 мәселенің шешім жобасын сессия қарауына жіберу туралы бірауыздан қаулы қабылданды.