#qyzylordatv
Облыс орталығында салынып жатқан жаңа стадион тамыз айында пайдалануға беріледі. Еуропалық талаптарға сай футбол аренасының құрылысы бүгінде қызу жүріп жатыр. Аймаққа іс-сапармен келген Парламент Мәжілісінің депуттаттары спорттық нысанға барып, жергілікті футболшылармен кездесті.
Стадион 11 мың орынға лайықталған. Ерекшелігі аренада жеңіл атлетикалық жүгіру жолағы болмайды. Яғни, трибуна жасыл алаңға жақын орналасқан. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 75 пайызы аяқталып, қысы-жазы ойнау үшін алаңның астыңғы қабатына жылыту жүйесі жүргізіліп жатыр. Жаңа стадионда жергілікті «Қайсар» футбол командасы ойнайтын болады. «Amanat» партиясы фракциясының мүшелері тек қазақстандық аяқдопшылармен жасақталған клубтың басшылығы және ойыншыларымен кездесіп, бірқатар мәселелерді назарға алды.
МҰРАТ ӘБЕНОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ /Қазақстанда бірінші легионерлерден бас тартқан команда бірақ біз байқағанымыз.Футбол әділетті болу керек. Өкінішке қарай, футболға әлі сын бар. Ішіндегі төрешілер әртүрлі мақсаттармен түсініксіз бірақ бізге командаға кедергі жасағысы келеді. Неге? Ол бірінші кезекте легионерлердің артында тұрған лоббистер./