Облыстық әділет департаменті мамандары арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы қарттарға құқықтық кеңес берді.

Орталықтың қызмет алушылары еңбек өтілін қайта есептеу, тұрғын үй кезегіне тұру және жәрдемақы мен зейнетақы тағайындау мәселелері бойынша сауалдарын жолдады.

АЙГҮЛ ҚОСБЕРГЕНОВА – облыстық әділет департаментінің бөлім басшысы

//ҚР Конституциясына сәйкес, әркімнің білікті тегін заң көмегін алуға құқығы бар. Осы мақсатта адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңның 26 бабында ІІІ, ІІ топтағы мүгедектерге, зейнеткерлікке шыққан қарияларға, алимент өндіру бойынша адвокаттармен тегін заң көмегі көрсетіледі. 01:26– Бүгін қариялардың тарапынан өздерінің зейнетақыларының аз болуы, одан бөлек зейнетақыларының ұстап қалуы, үй мәселесіне қатысты сұрақтарын қойып жатыр. Сол сұрақтарға департаменттің сала мамандары адвокаттармен, сот орындаушылармен жауаптар берілді.//
ӘЗИЗ АҚҚАЛИЕВ – №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы директорының орынбасары
//Бүгін біздің орталығымызда стандартқа сәйкес жеті бағытта арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Соның бірі әлеуметтік құқықтық қызмет. Сол әлеуметтік құқықтық қызмет бойынша бүгін Әділет департаментінің қызметкерлерімен, сот орындаушылармен, нотариустар келіп біздің орталығымыздағы қызмет алушыларға заңды түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қарттарымыз, қарияларымыз өздерінің көкейлерінде жүрген жеке мәселелері бойынша сұрақтарына жауап алды.//