Негізгі Жаңалықтар «Заң мен тәртіп» қағидаты назарда

«Заң мен тәртіп» қағидаты назарда

#qyzylordatv 

Бүгін үкімет жанындағы «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Жиында премьер-министрі Олжас Бектенов әлі де заң үстемдігін жетілдіру тетігі кемшін екенін тілге тиек етіп, өңір әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктелді.


Маңызды мәселе комиссия отырысынан кейін облыс әкімдігінде өткен жиында талқыланды. Аймақта заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету мақсатында арнайы тұжырымдама бекітілген. Өңірде қылмыстық оқиғалар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға төмендеп отыр. Жиында халықтың алкогольдену профилактикасы да сөз болды. Айта кетейік, бүгінде өңірде 5474 адам алкогольге тәуелділік диагнозымен диспансерлік есепте тұрады. Оның ішінде құқық бұзушылық жасауға бейім 58 азамат мәжбүрлеп емдеуге жіберілді. Ал тәртіп сақшылары жыл басынан бері қоғамдық орындарда масаң күйде жүрген 7 мыңға жуық тұрғынға әкімшілік хаттама толтырған. Аймақ басшысы тиісті сала жетекшілеріне өңірде қоғамдық-саяси ахуалды жіті назарда ұстауды тапсырды.   


Бөлісу