Негізгі Жаңалықтар Су шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Су шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

#qyzylordatv 

Облыс орталығында Арал-Сырдария бассейндік Кеңесінің 30-шы кезекті мәжілісі өтті. Күн тәртібінде су шаруашылығына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтсақ, гидротехникалық құрылыстарға жүргізілген көпфакторлы тексеру жұмыстарының нәтижесі баяндалды. Елді мекендер шегінде орналасқан су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жұмыстарының орындалу барысы сөз болды. Тақырыпты тілші сабақтайды. 


 Жаңа Су кодексіне сәйкес ел аумағындағы су шаруашылығы құрылыстары мен гидротехникалық нысандарға көпфакторлы зерттеп-қарау жұмыстары жүргізілуде. Яғни, стратегиялық обьектілердің техникалық жәй-күйі инженерлік-геодезиялық әдістер арқылы түгелдей тексеріледі. Бүгінгі күнге дейін Жаңақорған ауданындағы Жиделі, Бесарық су қоймалары, Арал ауданындағы Ақлақ және Әйтек, Қазалы су тораптары көпфакторлы тексеруден өтті. Нәтижесінде бірнеше нысанның техникалық жағдайы төмен екендігі анықталды. 


 ИБАДУЛЛА МЫРЗАЕВ, «ҚАЗСУШАР» РМК ҚЫЗЫЛОРДА ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ \2023-2025 жылдары көпфакторлы тексеру қорытындысының нәтижелеріне сәйкес Арал ауданы аумағындағы Ақлақ су торабы мен Қазалы ауданы аумағындағы Қазалы су тораптарының техникалық жағдайының қанағаттанарлықсыз жағдайда екендігі нақтыланып, тиісті ұсыныстар нәтижесінде ағымдағы жылы жаңғырту жұмыстары үшін мердігер мекемелер жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуде....


Мұнан бөлек республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, қазіргі күні Қызылорда су торабына көпфакторлы зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Ал, Солтүстік Арал теңізі бөгеті мен Қараөзек арнасының бас сағасы келесі жылы тексеруден өтеді. Мамандардың сөзінше, елімізде көпфакторлы тексеру жұмыстарын жүргізетін, арнайы техникалармен жабдықталған, талапқа сәйкес келетін мекемелер саны санаулы. Білікті кадрлар тапшы. 


 ИБАДУЛЛА МЫРЗАЕВ, «ҚАЗСУШАР» РМК ҚЫЗЫЛОРДА ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ \Мердігер мекемелердің сапалы мамандарының болмауынан ұзақ мерзімді пайдалануға тиісті ұсыныстарын беруге мүмкіндіктері өте төмен. Салдарынан, гидротехникалық құрылымдарды тексеруде нақты бұзылу факторларын болжап, 5-10 жылдықта атқарылуы тиіс жұмыс көлемдерін нақтылап, тиісті есепті ұсыныстар бере алмайтын жағдайлар кездесуде\ 


Мәжілістің күн тәртібінде қаралған келесі мәселе - елді мекендер шегінде орналасқан су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын белгілеу. Бұл жұмыстар Жаңа Су кодексінің талаптарына сәйкес 2027 жылдың соңына дейін толықтай аяқталуы керек. 


СЕЙІЛБЕК НҰРЫМБЕТОВ, СУ РЕСУРСТАРЫН РЕТТЕУ, ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ \Қызылорда өңірінде 47 елді мекен тұсынан 58 су обьектісінде су қорғау аймақтары мен белделурені бекіту жоспарланған...


 Жиында Қызылорда, Түркістан облысы және Шымкент қаласы аумағындағы елді мекендер шегінде орналасқан су объектілерінің су қорғау аймақтарын белгілеу жұмыстарының орындалу барысы баяндалды. Сонымен қатар, су саласындағы өзекті мәселелер жан жақты талқыланды.


Бөлісу