Негізгі Жаңалықтар Есірткіге жол жоқ

Есірткіге жол жоқ

#qyzylordatv 

Нашақорлықтың алдын алу, есірткімен күресу – өзекті мәселенің бірі. Осы мақсатта Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында «Нашақор жайлы новелла» спектаклі сахналанды. 


Алдымен Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті облыстық департаменті және облыстық Полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Есірткіге жол жоқ» көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде арнайы жасақтардың техникалық құрылғылары, қару-жарақтары, нашақорларды ұстаған кезде қандай техникалар қолданылатыны көрсетілді. Мұнан кейін ел назарына Рақымжан Отарбаевтың «Нашақор жайлы новелла» спектаклі ұсынылды. Қойылым зиялы отбасынан шыққан бір үйдің жалғыз баласы Жалқытайдың қалай жаман жолға түсіп, психикасының бұзылып, өмірінің қаншалықты күрт өзгергенін бейнелейді. Жастарды есірткінің шырмауы, зиянды әдеттен сақтандыру мақсатында, «Заң мен тәртіп қағидасы» аясында қойылған спектакльдің негізгі көрермені де судент жастар болды.


БАҚЫТБЕК ТЕМІРБЕКОВ – Н.БЕКЕЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ

 2019 жылы бұл спектакльді мен алып қойғанмын. Бүгінгі жастарымыздың тәрбиесіне байланысты арнайы наркоманияға қарсы идеясы бойынша бұл спектакль тетарда екі рет сахналанды. Оның алдында 2003 жылы О.Нұрмаханов ағамыз қойған болатын. Уақыт өте келе өзімнің нұсқамда қойылған дүние.Бұл біздің қоғамда өршіп бара жатқан тема. Сондықтан бұл спектакльді қойғаным да сол. 


 ФАРХАТ ИМАНҒАЛИЕВ – ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІ ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

 Бүгін біз жастарға спектакль қойып, жастарға нашақорлықтың зияны туралы айтқымыз келеді. Өйткені нашақоралықтың артында, жастар білмеуі мүмкін, біреудің алдауына рабауына түсіп қалып, қылмыстық жаукпершілікке тартуылуы мүмкін. Соның салдары, денсаулыққа қандай зияны бар, қоғамға, ата-анаға зияны барлығын түсіндіріп спектакль арқылы түсіндіру. Студент жастардың келуіне тағы бір себеп, қанша жастан қылымстық жауапкершілікке тартылатынын түсіндіргіміз келеді. Қазір дроппер, синтетикалық есірткі тарту, телегарам ақпарат желілердің қандай зиян екенін түсіндіргіміз келеді.


Бөлісу