Негізгі Жаңалықтар Теңіз ұлтанына 500 түп сексеуіл көшеті егілді

Теңіз ұлтанына 500 түп сексеуіл көшеті егілді

#qyzylordatv 

Елімізден және көршілес Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген волонтерлар Арал теңізінің құрғаған ұлтанына сексеуіл көшеттерін отырғызды. 


 Теңіз табанынан ұшқан құм мен тұзды тоқтату, табиғи ортаны қалпына келтіру және экологиялық ахуалды жақсарту – ең өзекті мәселенің бірі. Елімізде осы мақсатта бірқатар жобалар жүзеге асуда. Мәселен, Президент тапсырмасына сәйкес 2021 жылдан бері Арал теңізінің ұлтанына 1,1 миллион гектар алқапта фитомелиорациялық жұмыстар жүргізілді. Мұнан бөлек, Халықаралық Аралды құтқару қорының қаражаты есебінен, Германия ынтымақтастық ұйымының қолдауымен және Оңтүстік Кореяның қайтарымсыз қаржысы есебінен шөлге төзімді өсімдіктер егілді. «GREEN ARAL: VOLUNTEERS FOR LIFE 2026» халықаралық форумына келген еріктілер де тартылған теңіз ұлтанына арнайы барып, эко акцияға қатысты. Еліміздің әр өңірінен және көршілес Өзбекстан мен Қырғызстан республикасынан келген волонтерлер 500 түп сексеуіл көшетін отырғызды. «GREEN ARAL» бұл табиғатқа жанашырлық ғана емес, адамзаттың ортақ тағдырына бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымның айқын көрінісі. 

Бөлісу