Аймақта «Көктем-2024» оқу-жаттығу жиыны өтті. Тасқынының алдын алуға бағытталған шара аясында күштік құрылымдардың саптық дайындығы тексеріліп, әрекет алгоритмі пысықталды.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ЖАСАРАЛҰЛЫ – ТІЛШІ

//Өңірдегі Сырдария өзенінің жалпы ұзындығы 1274 шақырым. Дәл қазір Жөлек қалқымалы көпірінің тұсынан бастап Арал ауданына дейінгі аралықта толықтай мұз қатқан. Мамандардың болжамынша, ақпан айының үшінші 10 күндігінде өңірде сең жүруі мүмкін.

Қазір оңтүстік аудандарда мұздың қалыңдығы – 10-15, ал солтүстікте 30-35 сантиметрді құрайды. Тасқынға тосқын болу үшін төтеншеліктер жыл сайын «Көктем» республикалық командалық-штабтық оқу–жаттығу жиынын өткізіп келеді. Биыл жаттығу жиыны Жалағаш ауданы Ақсу ауылына қарасты Ақсығанақ учаскесінде ұйымдастырылды.

РУСЛАН ҚАЙРАҚБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫ

//Оқу жаттығуға облыс бойынша 1933 адам 535 бірлік техника қатыстырылуда. Су тасқынына қарсы материалдық-техникалық қорлар бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қажетті инертті материалдар қоры қалыптастырылды. Сонымен қатар су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге облыс бюджетінен 408 млн теңге бөлініп отыр.

Жаттығу жоспарына сәйкес Сырдарияда сең жүріп, мұз кептеледі. Соның салдарынан 330 аса шаңырақ түтін түтетіп отырған Ақсу ауылын су басу қаупі туындайды. Аталған аумақта азаматтық қорғау және төтенше жағдай қызметті едел-жедел әрекетке көшіп, тұрғындарды эвакуциялайды.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ЖАСАРАЛҰЛЫ – ТІЛШІ

//Жалағаш ауданындағы қауіпті учаскенің бірі дәл осы жер. Табиғат тосын мінез таныса, су жырып кету мүмкін аймақ. Сондықтан арнайы қадалар қағылып, қорғаныс бөгеттері қойылды.

БАҚЫТ ЖАҚАНОВ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

//Жалпы, дария бойынша 200 текше метр су келіп отыр. 1:32-/ апат айтып келмейді дейді. Сондықтан төтенше жағдайларға дайын болу керек. Негізі жағдай тұрақты. Бақылауда.

Жағдай бақылау дегенімен табиғат қандай мінез танытары белгісіз. Сондықтан облыс бойынша қажет болған жағдайда тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру үшін 59 жинақтау және 69 қабылдау эвакуациялық пункті дайындалған.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ЖАСАРАЛҰЛЫ – ТІЛШІ

//Жалағаш ауданындағы эвакуациялық пункттің бірі №31 мектепте орналасқан. Алда-жалда төтен жайт орын алған кезде мұнда 200-дей адамды қабылдай алады. Зардап шегушілерге медициналық және психологиялық көмектер көрсетіледі.

АРАЙЛЫМ ТІЛЕУҚАБЫЛОВА – ПСИХОЛОГ

//Қандайда бір төтенше жағдай орын алған кезде адамның психологиясы бұзылады. ол жерде ашуға беріледі. агресссияға беріледі. Осындай жинақтау пунктіне жиналған балаларды...

Бүгінде облыс көлемінде су басу қаупі бар 29 учаске бар. Соның 5-еуі Жалағаш ауданында. Бұдан бөлек, өзеннің мұз кептелуі мүмкін 11 тұсы белгіленген. Сондықтан мамандар дария деңгейін жіті қадағалап отыр.