Биыл Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл. Сондай-ақ, 19 қазан – құтқарушылардың кәсіби мерекесі. Атаулы датаға орай облыс орталығында салтанатты іс-шара өтті. Жиында қауіп пен қатердің ортасында жүріп, өзгенің өміріне араша болатын бейбіт күннің батырлары марапатталды.

Іс-шарада алдымен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің материалдық-техникалық базасы таныстырылды. Оқыс оқиға кезінде әбжіл әрекет етуге арналған техникалар көрсетіліп, құрал-жабдықтардың қызметі түсіндірілді.

Ал салтанатты жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов құтқарушыларды төл мерекесімен құттықтады.