#qyzylordatv

Биыл түркітанушы ғалым, педагог әдіскер Әуелбек Қоңыратбаевтың туғанына 120 жыл толды. Бүтін ғұмырын әдебиетке арнаған Сыр перзентінің еселі еңбегін жұртшылықтың назарына ұсыну мақсатында Алматы қаласында ғылыми-танымдық конференция ұйымдастырылды. Жиында жазушының мұрағаттағы материалдары таныстырылып, «Qyzylorda» телеарнасы таспалаған «Қоңыратбаевтар династиясы» атты деректі фильмнің тұсауы кесілді. Руханият ордасындағы тағылымды шара турасында тілшіміз тарқатады.