#qyzylordatv
Филология ғылымдарының кандидаты, ақын Шанжархан Бекмағамбетовтың «Генетикалық тіл біліміне кіріспе» атты кітабы оқырман назарына ұсынылды. Ғалымның 75 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған жиында автордың басқа да ғылыми еңбектері таныстырылды.
Ғалым тіл философиясы, тілдің пайда болуы, тілдік негіздер, тілдік таңба тағы басқа тіл білімі мәселелерімен 1995 жылдан бері айналысып келеді. Алғашқы монографиясы «Тілдік таным негіздері және тілдік символдар» деген атпен 1999 жылы жарық көрді. Одан бері осы тақырыпта 50-ден астам ғылыми мақаласы республикалық, халықаралық басылымдарда жарияланды.
Жиында Шанжархан Бекмағамбетов тіл генетикасы, тіл білімі туралы кеңінен баяндады. Ал оқытушылар мен студенттер тақырыпқа байланысты сұрақ қойып, өзара пікір алмасты. Кітапхана оқырмандары ақынның өлеңдерін жатқа оқыды.