#qyzylordatv
Қызылордалық полицейлер «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы барысында із-түссіз жоғалған жасөспірімді тапты.
Облыстық полиция департаментінің кезекші бөліміне 2025 жылдың 21 қазан күні сағат 09:00-де Орал қаласынан 15 жастағы жасөспірімнің белгісіз бағытқа кетіп, үйіне оралмағаны туралы хабарлама түседі. Жедел іздестіру шарасы кезінде Алматы қаласына қарай жолға шыққан Toyota маркалы автокөлік тоқтатылып, тексеру кезінде жоғалған бала анықталды. Жасөспірім Қармақшы аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, ата-анасына аман-есен табылғаны туралы хабар берілді.