#qyzylordatv

Жастардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру маңызды. Осы ретте облыстық сайлау комиссиясы жанынан құрылған «Жас сайлаушылар» клубының алғашқы отырысы өтті.

Республика күні қарсаңында өткен жиынға жоғары оқу орындарының студенттері мен түрлі салада жұмыс істейтін жас мамандар қатысты. Басқосуда облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтанов сайлау жүйесін дамытуда және саяси процестерді ақпараттандыру мен түрлі жобаларды жасауда жастардың әлеуеті маңызды екенін атап өтті. Мұнан кейін, «Жас сайлаушылар» клубының жаңа мүшелеріне арнайы куәлік табысталып, олардың ой-пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды. Жиын соңында облыстық сайлау комиссиясы мен облыстық мүгедектер қоғамы сайлау кезінде кедергісіз орта қалыптастыру бойынша меморандумға отырды.