#qyzylordatv
Күнтізбеде ұлтты ұйыстыратын, бір ел, бір Отан ұғымын нығайтатын күн ол – Республика күні. Ортақ тағдыр біріктірген қазақстандықтар үшін бұл күннің қадірі мен мәні бөлек. Ұлттық мерекенің мәні мен маңызы және аймақтың дамуы мен тұрғындардың әл-ауқаты турасында сенатор Наурызбай Байқадамовтың пікірімен бөлісейік
25 қазан біз үшін айтарлықтай маңызды күн. Бірінші кезекте егемендіктің негізі дәл осы күні қаланды. Шын мәнінде, Республика күні қоғамға елдің тарихын және жалпы тәуелсіздік алу жолын жақсы түсінуге септігін тигізеді. Егемендіктің шынайылығы да осыдан басталады, - дейді сенатор Наурызбай Байқадамов:
Бұл күнге биыл Сыр елі де айтарлықтай жетістіктерімен келіп отыр. Сенатор өз кезегінде декларацияның мәніне, Президент саясатының орнығуы мен тапсырмалардың орындалуына, аймақтың дамуы арасына параллель жүргізе отыра сабақтады
Сондай-ақ, сенатор бұл мереке патриотизмнің нығаюына ықпал етед, әсіресе өскелең ұрпақты елжанды етіп тәрбиелеу үшін маңызды күн деп есептейді.
Республика күні бұл - күнтізбедегі мерекелік дата ғана емес, бұл күн біле білсек, тарихи әділеттілікті жаңғыртқан күн, бұл күн талай тар жол, тайғақ кешуді басынан өткерген ұлтымыздың егемендікке жеткен күні, бұл күні әрбір қазақстандық үшін мәні мен маңызын білуі тиіс күн.