#qyzylordatv

7-8 қараша күндері Қызылорда қаласында облыс әкімінің қолдауымен «Inno.Fest» Qyzylorda инновациялық жобалар фестивалі өтеді. Шараның мақсаты – аймақ дамуына қажетті жаңа инновациялык идеяларды қолдау, ІТ саласына қызығушы жастардың жобаларын қаржыландыруға мүмкіндік беру.

Жыл сайын бұл іс-шараға IT, медиа және киноиндустрия саласында жетістікке жеткен танымал азаматтар спикер ретінде шакырылады. Қатысушылар арасынан үздік жобаларға арнайы орындар, оқу гранттары мен қомақты сыйлықтар берілетін болады. Сондай-ақ, шара аясында мастер-кластар, стартап-көрмелер ұйымдастырылмақ. Көрме алаңында технологиялық стартаптар, робототехника, демонстрациялық жобалар болады.