#qyzylordatv #республикакүні
Алаштың анасы атанған Сыр елінде бүгінде байыпты бастамалар мен жарқын жобалар жүзеге асуда. Күн санап көркейіп келе жатқан Қызылордаға қызыға да, қызғана да қарайтындар көп. Атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы егемендіктің, тәуелсіздіктің жемісі. Осы орайда еңбек ардагерлері барымызды бағалап, елдіктің, теңдіктің қадірін терең түсінуіміз керектігін айтады.
ДӘУЛЕТ БАРҒАНАЕВ, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ \респбулика күнін облыс халқы үлкен қажырлы еңбекпен әрекет жасап, қарсы алуда. Үлкен жетістіктер бар. Соңғы үш жылда үлкен тірліктер атқарылып жатыр. Атырау облысында болдым, Ұлытауда болдым біздің облыс жайындағы пікірі өте жоғары деңгейде. Кешегі ашылған Қайсар-арена стадионы 11 мың орындық, қалада салынып жатқан үлкен көз тартарлық ғимараттар қажырлы еңбектің арқасында келіп жатыр. Қандай кісілер болсада қаламыздың көркейгенін шынайы көңілмен айтып жүр. Мен соған дән ризамын. Осының барлығына қозғаушы болып, осының барлығының ұйытқысы болып істің басында жүрген облыс басшысының тірлігін атап айтпауға болмайды\
СЕРІКБАЙ ҚОШҚАРОВ, ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР \Егемендік туралы декларация қабылданғаны зор құбылыс болды. Еліміздегі бастамалардың алғышарты болды. Міне, соның арқасында осы күнге жетіп отырмыз. Егемендік арқылы бізге теңдік келді. Қазақ рухын арттыруға, бұрынғы ата-бабалар өнегесін қайтадан түсініп, бағандауға мүмкіншілік әкелгені айдан анық. Егемендік мерекесі Республика күні құтты болсын \