Қызылордалықтар Алтын адамды тамашалап жатыр. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің 85 жылдығына орай ерекше көрме ашылды.

Жеті бөлімнен тұратын көшпелі көрмеге сонау Сақ дәуірінен бастап осы заманға дейінгі 100 жәдігер қойылды. Ең құндысы – 2010 жылы Қарқаралы ауданындағы Қасым Аманжолов ауылынан табылған Алтын адам.

ЕРЖАН НҰРМАҒАНБЕТОВ – ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

//Бірегей жәдігерлерді айтатын болсақ, мынау біздің жанымызда тұрған Болған ана. Бұл кісі Жошы Хан әулетіне қатысы бар адам, тарихи деректерде немересі деп айтады. Соны жалпы мына Қызылорда жұртшылығына, ғалымдарға, тарихшыларға көретіндей бір үлкен дүние.//

САПАР КӨЗЕЙБАЕВ –ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

// Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінен келген көрме мәдениет саласын дамыту жолында үлкен серпіліс беріп отыр. Былтыр өзіміз 2023 жылы осы музейге Сырдың мәдениетін апарып таныстырған болатынбыз. Биыл мінекей соның жалғасы аясында Сыр жұртшылығына өзінің керемет құнды жәдігерлерін таныстырып отыр. /01:28/ Бұның ішінде археологиясы бар, этнографиясы бар, ақын-жазушыларымыздың тұтынған дүниелерін әкеп таныстырып отыр.

Тілші: Ұлт мәдениетінің мәйегі тұнып тұрған көшпелі көрмеге әсіресе жастар қызығушылық танытып жатыр. Мұнда келушілер кеншілер қаласының тарихымен танысып, осы өлкеден шыққан ұлы тұлғалардың өздері тұтынған жеке заттарды тамашалады. Музей мерейтойы аясында алдағы уақытта Астана, Жамбыл, Түркістан және басқа да өңірлердің көшпелі көрмесі ұйымдастырылмақ.