Сыр сұлулары қазақтың атақты аналарының бейнесінде. Салихитдин Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында Дәулетбек Тойшыбаевтың «Kilem Аrt» атты көрмесі өтіп жатыр. Ерекшелігі сол, шағын кілемдер бетіне түскен Сақ сұлуы, Сығанақ аруы, Бегім ана, Қыз Жібек, Дина күйші, жалпы 13 кілем-картинадағы бейненің бәрі Сыр қыздарының арнайы түскен фотоларынан көшірілген.

Бұл – атақты күйші Дина Нұрпейісованың бейнесі. Әйгілі күйшінің образы Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ драма театрының актрисасы Жауһар Еркінқызының бет-бейнесімен толықтырылған. Ал адалдықтың символы атанған Бегім ананың бейнесінде Сыр аруы Ақжүніс Сұлтанның түр-тұрпаты тұр. Осы жұмыс арқылы суретші қазақтың белгілі аналарының галереясын заманауи әдіспен жасаған.

ДӘУЛЕТБЕК ТОЙШЫБАЕВ - ҚАЗАҚСТАН СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ

«Кілемге мен қазақ аналарының жас кезін бейнеледім. Көрменің ерекшелігі, шағын кілемдер бетіне түскен Ұмай ана, Домалақ ана, Сақ сұлуы, Сығанақ аруы, Бегім ана, Қыз Жібек, Дина күйші жалпы 13 кілем-картинадағы бейненің бәрі Сыр қыздарының арнайы түскен фотоларынан көшірілген.Енді бұл аналардың бет-жүзі жоқ қой тарихта, белгілі емес дегендей. Мен сол персонаждарды пайдаланып, Қызылорда аруларының актриса қыздарының, модель қыздарының сол қыздардың суреттерін пайдаланып осы суреттерді салдым, характерлерін келтіре отырып. Бұл жердегі мақсат- қазақ киімдерін, әшекейлерін көрсету, дәріптеу. ».

Креативті суретші өз жұмысында әртүрлі техникаларды қолданып, тәжірибе жасағанды жаны сүйеді. Бұған дейін шеге мен жіптен, күріштен түрлі кескіндеме жасап жүрген талант иесі бұл жолы да жаңа әдіс қолданыпты. Мәселен, кілемдегі суреттер орографиялық әдіспен салынған. Яғни, шағын кілем бетіне ақ және қара түсті майлы бояуды ғана пайдаланып, қазақ аруларының сұлулығын аша түскен.

ДӘУЛЕТБЕК ТОЙШЫБАЕВ - ҚАЗАҚСТАН СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ

«Бұл өнер шетелден келген, Еуропадан. Енді біз қазақи бейнелерді алдық. Бұл өнер, бұл стиль. Өнердің мен осындай стилін пайдаландым. Оюларды қарап отырып, бетіне салдым, әдемілеу мақсатында».

Жалпы суретші 13 кілем-картинаны салуға 2 ай уақыт жұмсаған.Көрме Салихитдин Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында 31 наурызға дейін жалғасады.