Еліміздегі жалғыз еуропалық банктың Қызылордада жаңа филиалы ашылды. Онда клиенттер үшін барлық жағдай жасалған. Осылайша, Home Credit Bank-тың қызметтері тұрғындарды үшін қолжетімді бола түсті.

Home Credit Bank Қазақстандағы алғашқы филиалдарының бірін 2013 жылы Қызылорда қаласында ашты. Бұл банк кредиттеу нарығында ғана емес, қаржылық операцияларды орындауда да үздіктердің бірі. Сапалы сервистің арқасында Сыр өңіріндегі тұтынушылар қатары көбейіп келеді. Қазір облыста банктің тоғыз нүктесі жұмыс істеп тұр. Енді солардың қатары тағы бір бөліммен толығып отыр.

АНДРЕА ХУДА – HOME CREDIT BANK КОММЕРЦИЯЛЫҚ БЛОГЫНЫҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ // Банктік қызметтер мен қаржылық операцияларды онлайн түрде мобильді қосымша арқылы алуға болатынына қарамастан, жеке тұлғаларға арналған бөлімдерді ашу біз үшін маңызды. Бастамаларыңызға сәттілік тілеймін. Қаржылық әл-ауқаттарыңызды бізге сеніп тапсырғандарыңыз үшін рахмет!

Жаңа нысанда келушілер үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда 5 менеджер жұмыс істейді. Ал бизнес өкілдері үшін аударымдар, төлемдер, жалақы төлеу, сыртқы экономикалық қызмет бойынша операцияларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылған.

АСХАТ ТОҚСАНБАЕВ – HOME CREDIT BANK ҚЫЗЫЛОРДА ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ // Біздің Қцызылорда облысында филиал 2013 жылы пайда балған. Осы он бір жыл ішінде бізде 45 мыңға жуық клиенттеріміз бар. 3:55-/ Біздің жаңа бөлімшемізде дипозиттік аймақ бар. жеке кәсіпкерлерге аймақ бөлінген. Банктің басқа да қызметтері қарастырылған.

Home Credit Banк тұтынушылар үшін кредит өнімдерін, тегін төлемдер мен аударымдарды, 17 пайызға дейінгі ыңғайлы депозиттерді ұсынады. Бұдан бөлек, отбасылық бюджетті қалыптастыру, қаржыны басқару жайында тұрғындарға кеңестер беріледі.